Текст
29.12.2025
25 желтоқсан 2025 жылы мектепте 0–4 сынып оқушыларына, сондай-ақ мемлекеттік тілде білім алатын 2–9 сынып оқушыларына арналған мерекелік Жаңа жылдық шыршалар өтті. Іс-шаралар жылы әрі қуанышты атмосферада ұйымдастырылды. Балалар үшін ертегі кейіпкерлерінің, Аяз ата мен Ақшақардың қатысуымен мазмұнды ойын-сауық бағдарламасы дайындалып, жаңа жылдық әндер, билер мен ойындар өткізілді. Оқушылар байқауларға белсене қатысып, өлеңдер оқыды, шығармашылық нөмірлерін көрсетті. Мерекелер жаңа жылдық көңіл күй қалыптастырып, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және жағымды эмоционалдық ахуалды нығайтуға ықпал етті. Жаңа жылдық шыршалар қауіпсіздік ережелері сақтала отырып, ұйымдасқан түрде өтті.
29.12.2025
Қауіпсіздік техникасы
24.12.2025
"Көңілді Жаңа жыл" Көңілді көңіл-күймен 3 "б" сынып оқушылары "Көңілді Жаңа жыл" танымдық викторинасына келді. Оқырмандар мерекенің шығу тегі туралы көптеген қызықты нәрселерді біліп, викторина сұрақтарына жауап беріп, жаңа жылдық әндер шырқады. Балалар шырша ойыншықтарының жақында пайда болғанын естігенде қатты таң қалды, бұрын жаңғақтар, мандариндер, кәмпиттер шыршаның әшекейлері болды… Балалар көңілді және қызықты уақыт өткізді, жағымды эмоциялар мен тәтті сыйлықтар алды.
24.12.2025
Балалардың бос уақытын тиімді әрі мазсұнды ұйымдастыру мақсатында кітапхана «Кітап оқы, ойлан, арманда!» атты қысқы демалысқа арналған гайдбук ұсынады. Гайдбукке жас ерекшеліктеріне сай іріктелген көркем әдебиеттер енгізіліп, оқушының ойлау қабілетін дамытуға, қиялын ұштауға және оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Гайдбук – қысқы демалысты тек тынығумен ғана емес, рухани дамумен пайдалы әдеттермен ұштастыруға арналған тиімді құрал. Қысқы демалысты кітаппен бірге мәнді өткізейік.
23.12.2025
Ең көп күтілетін, баршаға сүйікті мереке — Жаңа жыл жақындап келеді. Борская кітапханасы «Жаңа жылдық оқиғалар» атты кітап көрмесіне шақырады. Көрмеде қыс мезгіліне, Жаңа жылды қарсы алуға арналған шығармалар ұсынылады. Балалар Аяз ата мен Ақшақардың қызықты оқиғалары туралы көңілді әңгімелерді оқи алады, ертегілер оларды он екі ай ағайындыларымен таныстырып, қарлы маймылдың құпиясын білуге көмектеседі. Сонымен қатар, жаңа жылдық мерекеде жаттап, Аяз атаға айтып беруге болатын өлеңдер де ұсынылады. Көрме жаңа жылдық көңіл күй сыйлап, қысқы демалысқа қызықты кітаптар таңдауға мүмкіндік береді.
17.12.2025
Тәуелсіздік күні қарсаңында мектеп жанындағы интернатта "Менің жерім-менің Казақстаным" атты квест-ойыны өтті. Квесттің мақсаты балалардың бойында патриоттық сезімді, Отанға деген сүйіспеншілікті, өз халқының мәдениетіне, дәстүрлеріне, тарихи мұрасына деген құрметті қалыптастыру. Әр тапсырманы орындау барысында тәрбиеленушілер Қазақстанның маңызды даталардын, дәстүрлерін және тарихын еске түсерді. Балалар ойыңға белсене қатысып, өз білімдері мен қабілеттерін көрсетті.
17.12.2025
9А сынып
17.12.2025
3 А сынып
17.12.2025
«Тәуелсіздік - Ұлы дала ұрпақтарына аманат» Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні – Қазақстан Республикасының негізгі ұлттық мерекесі. Бұл күнді еліміз әр жыл сайын 16 желтоқсан күні атап өтеді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның Республикасының Жоғарғы Кеңесі шешіммен ҚР тәуелсіздігі мен егеменділігі туралы заңды қабылдады. 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай мектебіміздің 7»А»,8»А» және 9»А» сынып оқушылары арасында «Тәуелсіздік –еліміздің ерлік жолы» тақырыбында викториналық ойын өтті. Мақсаты: өз елін сүюге, қадірлеуге, осы елдің ұланы екенін мақтан етуге, Отаншылдыққа, елжандылыққа, Отанына адал қызмет етуге тәрбиелеу.
17.12.2025
16 желтоқсан-халқымыздың өміріндегі ерекше күн. Бұл күні Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — мемлекеттік мерекесін мерекелеу аясында кітапханада "Тәуелсіздік туының астында"атты кітап көрмесі рәсімделді.