«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының Сайлау Серіков атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Сайлау Серикова города Есиль отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети


«    Сәуір 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Әбылхан Қастеев

«Мирас болған мол мұра»-Әбылхан Қастеевтың туғанына 120 жыл
Қазақ бейнелеу өнерін, әрине Әбылхан Қастеевсіз көз алдымызға елестету мүмкін емес. Ол сонау 20-30 жылдары-ақ Қазақстандағы болашақ суретшілер Одағының негізін қалаушылардың бірі.Әбылхан Қастеев — адам жанын, оның шаттығы мен мұңын, қуаныш, сүйенішін,ішкі ой арпалысын тереңнен түсіне білген және айналадағы табиғат құбылыстарымен адам көңіл күйін шендестіре отырып, өз шығармалары арқылы соларды көпшілікке шебер жеткізе білген суретші.
Әбылхан Қастеев — қазақ мәдениетінің таным тарихы. Ол — рухани тарихтың құрамындағы өзінше жеке өзек секілді. Ол — өз дәуіріндегі өзіне ғана тән жолмен, өзіне ғана тән дара өнермен қазақ мәдениетін жаңа кезеңге көтерген хас шебер.Шебердің өнері ортақ болғанымен, сыры құпия. Қазақстан халық суретшісі Әбылхан Қастеев есімі — республика жұртшылығына кеңінен танымал және аса құрметті. Бейнелеу өнеріне ең алғаш назар аударған ұлттық өнер суретшісі. Ә.Қастеев 1904 жылы Жаркент қаласынан онша қашық емес Шежін деген жерде кедей шаруа отбасында дүниеге келген.
Жастайынан жетім қалып, өзінен кіші бауырларын асырау үшін, анасына көмектесіп, еңбек етуге мәжбүр болған. Осындай жағдайда оқу, мектепке бару мәселесі тек қиял елесі болып қалған.
Суретші өрнек жасау шебері болған анасынан көрнекті үлгі сабақтарын алды. Әбілханның анасы үйіне керекті басқұр мен бау, бояулы алаша тоқу, кілем тоқу, оны өте әдемі өрнекпен әшекелеу жұмыстарының барлығын да өзі жасайтын және осы өмір сабағы Әбілханның халық өнеріне деген сүйіспеншілігін қалыптастырады.
Ұлы қазан төңкерісінен кейін Әбілханның көзі ашылып талантты да жігерлі жасты Алматыға оқуға жібереді. Онда екі жылдай кәсіби тәжрибелі суретшісі Н.Г.Хлудовтың басшылығымен бейнелеу мен акварель сырына тереңнен қанық бола бастайды, отызыншы жылдардың бастапқы кезінде Қастеевтің алғашқы еңбектері оның шығармашылық еңбегінің ілкі кірпішін қалайды.


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 12.02.2024 11:21
Құрылған күні: 12.02.2024 11:21

Текст