Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша
2024жылға арналған есеп
1. Жалпы ережелер
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
"Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының Сайлау Серіков атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" КММ 8 мемлекеттік қызмет көрсетеді.
2024 жылы "Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының Сайлау Серіков атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" КММ 199 қызмет көрсетті;
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны – 1;
электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 90;
қағаз түрінде көрсетілгенқызметтер саны – 89;
көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және ақпараттық жүйеге өтінімді қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түр-19.
Барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау».
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»;
2. Қызмет алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет ресурста орналастырылған http://sc0003.esil.aqmoedu.kz/content/gosudarstvennye-uslugi-754 мектепте, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізбесілерімен қағидалары - "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде. Сондай-ақ, ұйым көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесілерікөрсетілетін қызметті алушылар үшін қолжетімді жерде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ақпараттық стендтерде орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді, онда қандай да бір мемлекеттік қызметтерді көрсетуге келген кез келген келуші электрондық қызметті өз бетінше ала алады және қажет болған жағдайда оны қызықтыратын мәселелер бойынша кеңес ала алады.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.
Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында жүзеге асырылады.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
2024 жылы мектептің ресми сайтында және Instagram әлеуметтік желілерінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мемлекеттік қызмет көрсетуді түсіндіру бойынша ақпарат, мақалалар жарияланды. Ай сайын халықты БАҚ арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізіледі.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында білім беру ұйымы бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді Akmola.kz. жүйеде 8 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылады.
Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап «С.Серіков атындағы ЖОББМ» КММ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ММ АЖО жүйесі жұмыс істейді, онда 15 мемлекеттік қызмет қолжетімді.
Мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты тұлғалар біліктілікті арттыру курстарынан өтті, әрі қарай білікті артып отыруды жалғастырамыз.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бұзушылық туралы ескертулер мен шағымдар түскен жоқ.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша жұмыстар тұрақты жүргізілуде. 2024 жылы Мемлекеттік қызмет көрсетудің белгіленген мерзімдерін бұзу фактілері жоқ.
Өтініш берушілер мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша мемлекеттік органдарға жүгінген кезде құжаттарды қабылдаудан бас тартуды болдырмау мақсатында мамандар мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттардың толық топтамасын қалыптастыру тәртібін түсіндіреді. Мемлекеттік қызметтердің бұзылуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің одан әрі тиімділігін және оныңсапасына қыметті алушылардың қанағаттануын арттыру
Көрсетілетін қызметті алушылардың сапасы, уақтылығы, қанағаттануы өлшемшарттары бойынша көрсеткіштерді жақсарту, мемлекеттік қызметтер көрсету процестерінің ашықтығын қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында 2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету процесін одан әрі жетілдіру, стандарттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде нормативтік-құқықтық актілерді сақтау жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады, көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік корпорация және электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы хабардар ету және Мемлекеттік қызметтерді алуды танымал ету бойынша (Facebook, Instagram парақшаларында, мектептің ресми сайтында, бұқаралық ақпарат құралдарында материалдарды жариялау).
Мектеп директоры Вашурко С.Н.
Орынд. Бивол Н.Г.
Тел.21-9-47