«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының Сайлау Серіков атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Сайлау Серикова города Есиль отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети


«    Сәуір 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жыл оқушысы

Қазанның 18 күні "Жыл оқушысы" байқауының аудандық кезеңі өтті.
"Жыл оқушысы" байқауы жоғары уәжді және дарынды балалармен жұмыс істеу жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады
Қазіргі білім берудің негізгі міндеттерінің бірі Қазақстандық қоғамның зияткерлік элитасы болатын оқушыларды даярлау болып табылады.
Байқаудың мақсаты - оқушылардың білім деңгейін арттыру, оларды білімнің әртүрлі салаларында дербес ғылыми-зерттеу және шығармашылық жұмысқа тарту, тұлғалық қабілеттерінің жаңа деңгейін қалыптастыру.
Байқаудың ұйымдастырушылары «Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы» КММ.
Байқауға мемлекеттік білім беру ұйымдарының 6-11 сынып оқушылары қатыса алады.
1- жас тобы – 6-7 сыныптар;
2- жас тобы – 8-9 сыныптар;
3- жас тобы – 10-11 сыныптар.

Байқауға қатысудың міндетті шарттарының бірі – Байқау қатысушысы үздік немесе жақсы оқитын оқушы болуы керек!
Біздің мектептен байқауға Долматова Марина -11А сынып, Козлова Светлана – 8В сынып, Камбарова Камила -7Б сынып оқушылары қатысты.
Оқушыларымыз «Өзін-өзі таныстыру» турын сәтті өткізді : профессионалды роликтер түсіріп (көмектескен Волынкина Анжела мен сыныптың белсенділері) , қызығушылықтар хобби әлемімен және "Неге мен "Жыл оқушысы" Байқауына қатысамын" деген сұрақтарға толық жауаптарын бере алды.
«Портфолио» турында мектебіміздің үздік оқушыларымыз өздерінің оқудағы нәтижелерін көрсете қоймай, сонымен қатар мектептен тыс өміріндегі көптеген жетістіктерін көрсетті.
Нәтижесінде 1ші орынға Долматова Марине иеленді, 3ші орынды Козлова Светлана алды. Құттықтаймыз!

 


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 31.10.2023 11:37
Құрылған күні: 31.10.2023 11:37

Текст