Жаңа жыл – жарқын, жұмбақ, қайталанбас, таңғажайып мереке. Сыйлықтар, тосын сыйлар мен тілектер орындалатын таңғажайып ғажайыптар мен сиқырлар мерекесі. Жыл сайын желтоқсан айының соңында кітапханадағы барлық нәрсе жаңа жылдық көңіл-күймен «тыныс алады».
25 желтоқсанда кітапханада «Оқуға құштар мектеп» - жобасы бойынша оқу бағдарламасы аясында «Қыста кітап оқиымыз, жадымызға тоқымыз» тақырыбында «Қысқта кітап оқимыз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Бастауыш сынып оқушыларына «Сәлем, қыс» атты тәрбие сағаты өтті.Балалар қыста болатын ертегілерді еске түсірді, балалар қыс туралы тақпақтар, мақал-мәтелдер дайындады.Кейбір қатысушылар қысты неліктен жақсы көретінін айтты-қыста шанамен сырғанап, аққала мүсіндей аласыз, қысқы табиғатты тамашалай аласыз.
Іс-шара барысында барлығы «Қарды ұстау» және «Сиқырлы қоржын» ойындарына белсене қатысты. Бірінші ойында «қарлы шарларға» тапсырмалар жазылады («Жаңа жыл тақпағын айт», «Келетін жылдың таңбасын сал», Жұмбақты тап», «Жұпты тап» т.б. ).Екінші ойында балалар ертегі сұрақтарына жауап береді («Қызыл телпек қоржынында не болды», «Жалмауыз кемпір немен ұшты», «Алдар Көсенің шапаны» т.б.). ойындарға қатысып, жұмбақтарды тауып, шын көңілден ойнадыі.

