
Құрметті қонақтар!
С. Серіков атындағы жалпы білім беретін мектебінің ресми сайтында сіздерді көргеніме қуаныштымын!
Менің ойымша , ресми сайт қазіргі таңда заманауи жетістіктерді ақпараттық –технологиялар арқылы әлуметтік қоғамдағы, және мектеп өміріндегі қоғамдық іс-шараларды қорытындай, сараптай отырып белгілі жүйеге қол жеткізеді. Себебі сіздер сұрақ қоя аласыздар, қойылған сұрақтарыңызға жауап аласыздар, онымен қатар кейбір ұсыныстар жаза аласыздар.
Осы ақпараттық сұхбат мектебіміздің дамуына өз үлесін қосатынына сенімдімін!
Біздің сайтқа қош келдіңіздер!
Мектеп директоры
18.06.2026
**2026 жылғы 18 маусымда** мектебімізде 11-сынып түлектеріне аттестат тапсырудың салтанатты рәсімі өтті. Бұл күн – мектеп түлектерінің өміріндегі маңызды әрі көптен күткен ерекше белес болды. Артта қызықты оқиғаларға, жарқын жетістіктерге, жаңа білім мен ұмытылмас естеліктерге толы мектеп жылдары қалды. Салтанатты жағдайда түлектерге жалпы орта білім туралы аттестаттар табысталды. Бұл – олардың жарқын болашағына жол ашатын алғашқы маңызды құжат. Түлектерді айтулы мерекемен мектеп директоры, директордың орынбасарлары, сынып жетекшісі және ұстаздары құттықтап, жүрекжарды тілектерін жеткізді. Олар жас түлектерге өз күшіне сенімді болып, алға қойған мақсаттарына жетуге, дұрыс таңдау жасап, армандарының орындалуына тілектестік білдірді. **Құрметті түлектер!** Мектеп қабырғасында алған білімдеріңіз сіздер үшін үлкен өмірге бастар берік негіз болсын! Алдағы оқу жолдарыңыз сәтті болып, биік белестерді бағындырып, жаңа жетістіктерге жете беріңіздер. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке, мол бақыт және жарқын болашақ тілейміз. Мектепте өткен қызықты шақтарыңыз әрдайым жүректеріңізде сақталып, ең ыстық естеліктердің біріне айналсын! **Ақ жол, 2026 жылғы түлектер! Болашақтарыңыз жарқын, армандарыңыз асқақ болсын!**
18.06.2026
2026 жылғы 16 маусым күні мектепте 9-сынып түлектеріне аттестаттарды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Бұл айтулы мерекемен мектеп директоры мен директордың орынбасарлары түлектерді құттықтап, оларға өз күштеріне сенімді болып, алдағы оқу жолында табысқа жетулеріне және өмірлік жолдарын дұрыс таңдауларына тілектестік білдірді. Сондай-ақ түлектерге алғашқы ұстаздары, сынып жетекшілері мен ата-аналары жүрекжарды ақ тілектерін арнады. Мерекелік іс-шараның сәнін оқушылар дайындаған өлеңдер мен әндер келтірді. Көпшіліктің жүрегіне ерекше әсер қалдырған сәттердің бірі – түлектердің ата-аналарымен бірге билеген қоштасу вальсі болды. Бұл күні тоғызыншы сынып түлектері өздерінің алғашқы білім туралы құжатын алып, болашаққа қарай тағы бір маңызды қадам жасады. Барша түлектерге алдағы өмір жолында толағай табыс, сәттілік және ең асыл армандарының орындалуын тілейміз!
15.06.2026
Жадынамалар
10.06.2026
1-сыныпқа қабылдау
09.06.2026
9 маусым күні С. Сериков атындағы жалпы орта білім беретін мектеп базасында Есіл ауданы мектептерінің мұғалімдері арасында «МҰҒАЛІМ» спартакиадасы өткізілді. Спартакиада бағдарламасына ұлттық спорт түрлері — асық ату, бес асық және тоғызқұмалақ жарыстары енгізілді.
05.06.2026
агердің бесінші күні Есіл аудандық кітапханасының мамандары “ Табиғатты қорғайық” тақырыбында әңгіме өткізді. Онда балаларға табиғатты аялау, қорғау туралы айтылды. Табиғат туралы жұмбақтар жасырды. Келесі кезекте балалармен “Көңілді суреттер” тақырыбында асфальта сурет салды. Денешынықтыру мұғалімі Абилгазин Нурлыхан Жумашевичтің ұйымдастырумен “Көңілді старт” спорттық сайыс өткізіліп достық жеңді.
04.06.2026
Бүгін күніміз мектебіміздің кітапханасынан басталды. Зәуреш Уалиханова Мемлекеттік рәміздер туралы ақпарат берді. Жазғы уақытта кітап оқудың пайдасы туралы әңгіме өткізді. Келесі кезекте балалармен орталық кітапханаға бардық онда Есіл аудандық Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде 4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттк рәміздер күніне орай “Рәміздер - ұлттық бірегейліктің негізі” атты іс-шара өтті. Іс-шара барысында балалар викториналық сұрақтарға жауап беріп маңызды мәліметтер алды. Келесі кезекте балалармен “ Есіл аудандық төтенше жағдайлар бөліміне” экскурцияға бардық онда өрт сөндірушілердің күн тәртібін айтып, өрт сөндіруге қажетті құрал-жабдықтар мен қатар техникаларды қолдану тәсілдерін көрсетіп түсіндіру жұмыстарын өткізді. Балалар ойнау алаңында топтық спорттық ойындар ойнадық.
03.06.2026
Мектеп жанындағы “Күншуақ” лагерінің жұмысы жалғасуда, Бүгін “Мемлекеттік рәміздер” күніне қарсы гимін орындап,балалар қызықты тапсырмаларды шешіп, мемлекеттік рәміздерді боямақ бояды. Сондай ақ Есіл ауданын орталық кітапхана жанындағы “Өлкетану” орталғында қонақта болдық. Музей қызметкерлері балалаларға экскурсия өткізді.
02.06.2026
02.06.26ж . Мектеп жанындағы “Күншуақ”лагерінің екінші күні. Балалардың ұйқысын ашу мақсатында “Челлендж проговори под вит”, “Жазғы демалыстағы 5+” атты қауіпсіздік ережесін түсіндіру жұмысы жүргізілді. “Жасөспірім балалар шығармашылық үйінеде” қонақта болып, мультфильм көрдік және ойын алаңында көңілді күн өткіздік.
01.06.2026
Бүгін мектебімізде Балаларды қорғаудың халықаралық күніне арналған мерекелік іс-шара және жазғы мектеп жанындағы алаңның ашылу салтанаты өтті.