Текст
02.06.2026
02.06.26ж . Мектеп жанындағы “Күншуақ”лагерінің екінші күні. Балалардың ұйқысын ашу мақсатында “Челлендж проговори под вит”, “Жазғы демалыстағы 5+” атты қауіпсіздік ережесін түсіндіру жұмысы жүргізілді. “Жасөспірім балалар шығармашылық үйінеде” қонақта болып, мультфильм көрдік және ойын алаңында көңілді күн өткіздік.
01.06.2026
Бүгін мектебімізде Балаларды қорғаудың халықаралық күніне арналған мерекелік іс-шара және жазғы мектеп жанындағы алаңның ашылу салтанаты өтті.
29.05.2026
«Балаларды қорғау күніне арналған іс-шара және жазғы алаңның ашылуы»
29.05.2026
«Ашық есік күні».
25.05.2026
2026 жылғы 25 мамыр күні 1–8 және 10-сынып оқушылары үшін «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында «Заң және тәртіп — халық Конституциясының құндылықтары» тақырыбында бірыңғай республикалық сынып сағаты өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға конституциялық негізгі құндылықтар, заңдарды сақтаудың маңызы, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін құрметтеу, сондай-ақ қоғамдағы құқықтық тәртіптің рөлі түсіндірілді. Өткізілген сынып сағаттары оқушылардың құқықтық мәдениеті мен азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етті.
22.05.2026
Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында Есіл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі ауданның жалпы білім беретін мектептерінің 1–4 және 5–11 сынып оқушылары арасында «Өрт қауіпсіздігі» тақырыбында сурет байқауын өткізді. Байқау қорытындысы бойынша 1–4 сыныптар арасында І орынды 1 «А» сынып оқушысы Аманжолов Ансар иеленді. Ал 5–11 сыныптар арасында І орынды 10 «В» сынып оқушысы Нұртазина Руслана Евгеньевна жеңіп алды. Жеңімпаздарға грамоталар табысталды.
21.05.2026
#АдалҰрпақАқмола 2026 жылғы 21 мамыр күні 7–11 сынып оқушылары арасында білім алушылардың бойында адалдық, жауапкершілік, әділдік және жалпыға ортақ мінез-құлық нормаларын құрметтеу құндылықтарын қалыптастыру мақсатында «Бауыржан Момышұлы: ар-намыс пен ерлік – батырдың белгісі» тақырыбында республикалық бірыңғай «Адалдық сағаты» өткізілді. Іс-шара барысында адал мінез-құлық мәселелері қарастырылып, адамгершілік қасиеттерді дамытуға және оқу мен айналадағы адамдарға адал қарым-қатынастың маңызын түсінуге бағытталған өмірлік жағдайлар талқыланды. Оқушылар талқылауға белсенді қатысып, күнделікті өмірде адалдық қағидаттарының маңыздылығы туралы қорытынды жасады.
21.05.2026
2026 жылғы 21 мамырда 7-сынып оқушылары арасында Есіл пайдалану локомотив депосының қауіпсіздік және еңбекті қорғау секторының бастығы Шаяхметова Т.Е. «Темір жол — аса қауіпті аймақ» тақырыбында дәріс өткізді. Іс-шара барысында оқушыларға теміржол көлігі нысандарындағы қауіпсіздік ережелері, теміржол жолдарынан өту кезіндегі сақтық шаралары, сондай-ақ қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік туралы түсіндірілді. Дәріс жазатайым оқиғалардың алдын алуға және оқушылардың теміржол маңындағы қауіпсіздік ережелері туралы ақпараттану деңгейін арттыруға бағытталды.
20.05.2026
2026 жылғы 20 мамыр күні жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді.Жиналыс барысында педагог-психолог Малинская И.В. ата-аналармен «Сезім үйлесімі» атты тренинг өткізді. Ол бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға және отбасындағы эмоционалдық қолайлы ахуалды дамытуға бағытталды.Тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Корниенко Л.Н. 2025–2026 оқу жылында «Адал Азамат» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша атқарылған тәрбие жұмысының қорытындысын жасап, өрттің алдын алу, судағы және тұрмыстағы қауіпсіздік шараларын сақтау мәселелерін қарастырды. Есіл ауданы полиция бөлімінің бастығының орынбасары Зейнуллин Дамир Маратович және Есіл ауданы ПБ ЖПҚ ЮПТ инспекторы, полиция лейтенанты Шаймерден Р.М. жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздікті ұйымдастыру, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, нашақорлықтың, темекі өнімдері мен вейп қолданудың алдын алу, жол қозғалысы ережелерін сақтау, электросамокаттар мен велосипедтерді пайдалану ережелері, интернет қауіпсіздігі, буллингтің алдын алу, ата-аналық бақылауды күшейту және балалардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілік мәселелері бойынша сөз сөйледі. Дәрігер-гинеколог Валерия Сериковна Сайлыбаева жыныстық қол сұғылмаушылық, ерте жүктіліктің алдын алу және оның ықтимал салдары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жиналыс қорытындысы бойынша ата-аналарға жазғы демалыс кезеңінде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мен қауіпсіздігін бақылауды күшейту жөнінде ұсынымдар берілді.
19.05.2026
«9 мамыр күні мектебіміздің оқушылары МРЦ ұйымдастырған «Жеңіс ленталары» акциясына қатысты.»