«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының Сайлау Серіков атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Сайлау Серикова города Есиль отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети


«    Мамыр 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Армысың, Әз, Наурыз»

11.04.2017

С.Серіков атындағы орта мектептің мемлекеттік тілде білім

алатын бастауыш сынып оқушыларының 

«Армысың, Әз, Наурыз» мерекесі .

Жауапты мұғалімдер: Лақай Риза. Нұрбала Ж.Ж

Басталуы: Қайырлы күн!

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Армысың,Әз, Наурыз!» атты

мерекелік ертеңгілігімізді ашық деп жариялап, құттықтау сөз кезегін мектеп

директоры  Бірназаров Н.Ж береміз.

Дастан:

Ар ма, ағайын!

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Жер жүзіндегі халықтардың

бәрінің де түрлі мейрамдары бар. Шығыс халықтарының сондай ерекше мейрамдарының

бірі – наурыз

Топпен:

Наурыз. дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні –

Наурыз құтты болсын!

Адия:

Күлімдеген шуақты

көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып,

Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді.

Топпен:

Ендеше, той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!

Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!

Дастан:

Уа, халайық,

халайық!

Ақ сандықты

ашайық,

Бұл мереке, бұл

тойдың

Шашуларын

шашайық!

 (Шашу шашылады, 4-сынып ортаға шыға

келеді,ән-би)

Айзат:

Наурыз келді, жайраң қақты таң

күліп,

Жап-жасыл боп кетті дүние жаңғырып.

Жақсылыққа жаршы болған Наурызым!

Сен өмірдің көктемісің мәңгілік!

Дастан

Наурыз күні қазағым көріседі,

Көрісу бұл көненің желісі еді,

«Жасың құтты болсын»-деп жамырасып,

Ақ ниетпен адал қол беріседі

 

Адия:

Көріседі-көңілдер

жібісін-деп,

 Көріседі-тасысын ырысың -деп,

Көріседі-көк

мұзда жылысын -деп,

Көріседі-оң

болсын ұлысың -деп,

Дастан

Көріседі

қайғы-мұң кетіруге,

Көріседі қайтадан

желігуге,

Алты ай қыстан

арыған жанын демеп,

Көріседі бел буып

бекінуге,

( 2-сынып топпен

ән)

Адия

Концерттік

бағдарламамызды  бастамас бұрын

оқушылардың аузынан Наурыз мерекесі жайлы не білетінін тыңдап көрейік.

Азамат:

Жаңа жылда Қызыр

баба үйге кірсе, ол үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады деген сеніммен

Наурызға дейін адамдар үйін қағып-сілкіп, тазартып қоятын болған.

Алихан:

Ел арасында 21

наурыз түні даланы Қызыр баба аралайды деген аңыз бар. Осыған сенген халық

дәулет дарып, бақ қонсын деген мақсатпен есіктерін ашып қояды.

Ерхан:

 Бұл күні ауыл бойжеткендері өздерінің

достарына соғымның етінен пісірілген «Ұйқыашар» деп аталатын дәм дайындаған. Ал

достары қыздарға айна, тарақ, иіссудан тұратын сыйлықтар сыйлаған. Оны

«Селтеткізер», «Діреткізер» деп атаған.

 (Айдана 1-сынып ән)

Аяна : Наурыз

мейрамы негізінен адамдардың көрісуінен басталады. Жігіттер төңіректегі

бұлақтардың көзін ашып, бұлақ басына тал еккен. Жаңа шыққан күнге иіліп сәлем

берген. ренжіскен ағайындар татуласқан.

Айтмұхамед:

Ұлыстың ұлы күні кем дегенде жеті түрлі дәмнен тұратын  Наурыз көже

дайындалады. Наурыз көжеге соғымнан қалған сүр ет, қойдың басы,  қатық,

сүт, бидай, тұз, су қосылады.:

Дастан: Ал бәрекелді мереке

қарсаңында бәріміз бірге «Қаражорға» биін билейік!

 (топ қаражорға биін биі)

Батыр:

Құтты болсын әр

күнің

 Сыйла, бақыт баршаға.

 Сәбидің әсем шат үнін

Тыңдат абзал

анаға.

Нармин:

Наурыз – достық,

Наурыз – күн.

Барша халық

бірлігі.

Тағы келді ұлыс

күн.

 Жалғасып ғалам тірлігі.

(4-сынып ән)

Дамир:

Ерітіп қарын

даланың,

Жинатып гүлін

саланың.

Жетелеп жұмсақ

самалын,

 Келді Наурыз – жыл басы.

Ерсултан:

 Күлімдеп қарап күміс күн,

Аспаның бүркіп

пүліш түн.

 Ұлы күні Ұлыстың,

 Келді Наурыз – жыл басы!

(би 2-сынып)

Дастан:  К-кешіру

Адия     Ө-өкпе назды өшіру

Дастан:  Р-ризалық

Адия     І-іні –бауырды түсіну

Дастан:  С-сыйластық

Адия     У-уыстап ап барыңды бөлісу,

Бірге :

мейрамдардың төресі ол,наурыз күні-көрісу

(оқушылар бір-бірін

құшақтап көріседі, топ әні 3-сынып)

 

         Дастан:

Құрметті,

оқушылар енді сіздерді қазақтың ұлттық ойындарын ойнауға шақырамыз.

1. Арқан

тартыстан жарыс 2. Қол күрестен жарыс 4. Наурыз көже ішуден жарыс.

    "  

4-сынып " әні орындалады.

Бірге:

Наурыз жайлы

айтылған небір аңыз,

Салт-дәстүрге

әрқашан бағынамыз,

Тойға келген

ағайын баршаңызды,

Киелі дастарханға

шақырамыз.

Қонақтар

дастарханға жайғасып,Наурыз дәмін татып,»Наурыз көже ішті»

 

 

 

 

 

 

 

 

 




 

 

 

 

 

 Наурыз айының -18 –і күні  С. Серіков атындағы орта мектептің  Мемлекеттік тілде білім алатын бастауыш сынып

оқушылары мен ата-аналары арасында «Армысың,Әз Наурыз» тақырыбында  мерекелік іс-шара өтті. Бұл іс-шара барысында

оқушыларымыз ұлттық ойындар ойнап, салт-дәстүр көрсетіп,Наурыз жайлы әндер

айтып,би билеп  өз өнерлерін көрсетсе,

ата-аналарымыз «Наурыз көже» әзірлеп. Мерекелік дастархан дайындап мерекені

көңілді өткізді. Мерекелік іс –шараға барлық оқушыларымыз бен ата –аналарымыз

белсенді қатысты.

Просмотров: 356

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст