Текст
🎈✨2024 жылдың 1 маусымында АМҮ алаңында «Күншуақ» жазғы ойын алаңының ашылуына және Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
✨АМҮ алаңы үлкен ойын алаңына айналды, онда көңілді және қуаныш атмосферасы орнады. Балалар түрлі сайыстар мен викториналарға қатысып, жаз туралы тақпақтар айтып, ән шырқап, флешмоб билеп, эстафета ойнап, асфальтқа сурет салды.
🎉Бұл күні балалар жағымды заряд пен ұмытылмас әсерлерге ие болды.