«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының Сайлау Серіков атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Сайлау Серикова города Есиль отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети


«    Мамыр 2025    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мереке – 11 сынып оқушылары үшін соңғы қоңырау

20.06.2024

🔔 2024 жылдың 25 мамырында аудандық мәдениет үйінде С.Серіков атындағы мектептің 11-сыныбының соңғы қоңырауы салтанатты түрде өтті.

🔸Мереке мемлекеттік әнұранмен басталып, патриоттық атмосфераны қалыптастырып, бүкіл іс-шараның шырайын келтірді. 11-сынып оқушылары мектепке, ұстаздарға, достарға, болашаққа арналған әндер мен тақпақтар орындап, өз өнерлерін көрсетті. 1-сынып оқушылары әсерлі өлең оқып, үлкен жолдастарына деген сүйіспеншіліктерін білдіріп, алдағы өмірлеріне сәттілік тіледі.

🔸11-сынып оқушыларына мектеп өміріне белсене қатысқаны үшін мектеп директорының грамоталары табыс етілді. Бұл олардың еңбегі мен жетістіктерін мойындау болды.

📌Шақырылған қонақтар: жастар ресурстық орталығының маманы Шарипова Дәмеш пен Поплавская Гулишат Алиасхабовна қала, аудан өміріне белсене қатысқан кейбір студенттерді марапаттады.
Құттықтау сөз сөйледі:

🔸 Мектеп директоры Вашурко С.Н.
🔸Директордың кадрлар жөніндегі орынбасары Корниекно Л.Н.
🔸 Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Есенқызы Светлана
🔸 Түлектердің ата-аналары

📍Сондай-ақ ата-аналарға балаларының тәрбиесі мен біліміне қосқан үлесі үшін алғыс белгісі ретінде сертификаттар табыс етілді.

✨Мереке мектеппен қоштасу вальсімен аяқталды. Вальсте тербелген түлектер балалық шақпен, мектеппен қоштасып, жаңа жетістіктерге қадам басты. Бұл оқиға барлық қатысушылар үшін ұмытылмас болды. С.Серіков атындағы мектептің 11-сынып оқушыларының жадында қуанышқа, толқуға, болашаққа деген үмітке толы бұл күн мәңгі сақталады.

Просмотров: 55


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст