Текст
Біздің мектептің оқушылары Әулиекөл ауданындағы өртті сөндіруге қатысқан ақмолалық өрт сөндірушілердің кездесуіне қатысты. Орман өрттерін жоюға Ақмола облысынан өрт сөндіру құрамының 60-қа жуық адамы қатысты.
Ақмолалық өрт сөндірушілер көмек көрсету үшін оқиға орнына бірінші болып аттанды, өрттерді жою аяқталғаннан кейін ғана олар үйлеріне қайтты.
Бірнеше күн бұрын Есіл қаласында вокзал маңы алаңында өрт сөндіру пойызы қызметкерлерінің кездесуі өтті. Өрт сөндіру пойыздарының күшімен Аманқарағай мұнай базасында оттың таралуына жол берілген жоқ.