Текст
10 қыркүйек күні сағат 10.00-де «Отбасы күні» мерекесіне орай Есіл қаласының орталық алаңында «Әке, ана, мен спорттық отбасымын!» атты көңілді старт өтті. С.Серіков атындағы ЖОББМ-нің атынан Қожаевтар отбасы қатысып, лайықты 3 орынды иеленді. Осы қиын, бірақ қызықты жарыста жеңіске жетулеріңізбен құттықтаймыз. Спортқа деген құштарлық өмір бойы серік болсын. Бақытты және көңілді болыңыздар , біз сіздерді мақтан тұтамыз!