28.09.2021 ж "Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша Есіл қаласының Сайлау Серіков атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-де Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған "Тәуелсіздіктің жетістіктері " тақырыбында ашық сабақтар өтті. Дайындалған сабақтар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаудан бастады. Оқытушылар өздерінің презентациялары мен бейнероликтерінде Қазақстанның 1465 жылы құрылған сақтар мен ғұндардың көптеген мемлекеттік құрылымдары, Түркі қағанаты, Алтын Орда және Қазақ хандығы шыққан Ұлы даланың көрнекті көшпенді өркениетінің мұрагері болып табылатынын көрсетті. Патша империясы мен Кеңес Одағының құрамында болған Қазақстан, 260 жылдан кейін яғни1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін алғандығы, бүкіл халық болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті етіп сайлағандығы көрсетілді.
Оқушылар диалог барысында Қазақстанның көпғасырлық тарихы мен еліміздің көпқырлы мәдени мұрасы туралы әңгімелеп берді. Сабақтарда оқушылар Біздің Отанымыз Қазақстан туралы өлеңдер оқыды,"Тәуелсіздік игілігі" викторинасына белсенді қатысты