«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының Сайлау Серіков атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Сайлау Серикова города Есиль отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети


«    Маусым 2026    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2026 жылғы 20 мамыр күні жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді.Жиналыс барысында педагог-психолог Малинская И.В. ата-аналармен «Сезім үйлесімі» атты тренинг өткізді. Ол бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға және отбасындағы эмоционалдық қолайлы ахуалды дамытуға бағытталды.Тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Корниенко Л.Н. 2025–2026 оқу жылында «Адал Азамат» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша атқарылған тәрбие жұмысының қорытындысын жасап, өрттің алдын алу, судағы және тұрмыстағы қауіпсіздік шараларын сақтау мәселелерін қарастырды. Есіл ауданы полиция бөлімінің бастығының орынбасары Зейнуллин Дамир Маратович және Есіл ауданы ПБ ЖПҚ ЮПТ инспекторы, полиция лейтенанты Шаймерден Р.М. жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздікті ұйымдастыру, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, нашақорлықтың, темекі өнімдері мен вейп қолданудың алдын алу, жол қозғалысы ережелерін сақтау, электросамокаттар мен велосипедтерді пайдалану ережелері, интернет қауіпсіздігі, буллингтің алдын алу, ата-аналық бақылауды күшейту және балалардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілік мәселелері бойынша сөз сөйледі. Дәрігер-гинеколог Валерия Сериковна Сайлыбаева жыныстық қол сұғылмаушылық, ерте жүктіліктің алдын алу және оның ықтимал салдары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жиналыс қорытындысы бойынша ата-аналарға жазғы демалыс кезеңінде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мен қауіпсіздігін бақылауды күшейту жөнінде ұсынымдар берілді.

20.05.2026
Просмотров: 547


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст