" />
«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының Сайлау Серіков атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Сайлау Серикова города Есиль отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети


«    Желтоксан 2025    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

29 желтоқсанда мектебімізде «Оқу үдерісін ұйымдастыруда жасанды интеллектті пайдалану» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңес барысында оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың өзекті мәселелері қарастырылып, мектебіміздегі II тоқсан бойынша білім беру және тәрбие жұмысына талдау жасалды, сондай-ақ педагогтердің баяндамалары тыңдалды. Педагогикалық кеңестің күн тәртібі мен негізгі мәселелері: 1. Алдыңғы педагогикалық кеңес шешімдерінің орындалуы Алдыңғы педагогикалық кеңесте қабылданған шешімдердің жалпы алғанда мектебімізде орындалғаны атап өтілді. Педагогикалық ұжым белгіленген жұмыс бағыттарын басшылыққа алып, ұсыныстарды практикалық қызметінде жүйелі түрде іске асыруда. 2. II тоқсан қорытындысы бойынша білім беру нәтижелерін талдау Мектебіміздегі білім алушылардың II тоқсандағы үлгерімі мен білім сапасына талдау жасалды. Пәндер бойынша мемлекеттік білім беру бағдарламаларының орындалуы, сондай-ақ білім беру және тәрбие бағдарламаларының теориялық және практикалық бөлімдерінің жүзеге асырылуы қарастырылды. 3. Жомагамбетова Ш.М.-нің баяндамасы «Сандық технологиялар бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекетінің уәждемесін арттыру құралы ретінде» Баяндамада бастауыш сынып оқушыларының оқу мотивациясын арттыруға бағытталған цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану тәжірибесі ұсынылды. 4. Нұрғалиев О.О.-ның баяндамасы «Білім берудегі жасанды интеллекттің рөлі» Мектебімізде жасанды интеллект құралдарын қолдану мүмкіндіктері қарастырылды. Атап айтқанда, оқытуды жекелендіру, білімді бағалауды автоматтандыру және оқу үдерісін ұйымдастыруда педагогтерге қолдау көрсету мәселелері талқыланды. 5. Әртүрлі мәселелер «Әртүрлі» бөлімінде аттестаттау кезеңінің аяқталуына байланысты Bilim Class электрондық журналын жүргізу мәселелері қарастырылды. Педагогтерге журналды уақытылы және дұрыс толтыру, қорытынды бағаларды қою және белгіленген мерзімдерді сақтау қажеттілігі ескертілді. Сонымен қатар 4 және 8-сыныптар бойынша кіріспе тестілеу нәтижелерін талдау, олқылықтары бар тақырыптар бойынша жұмыс жоспарын құру, педагог қызметкерлерін аттестаттау және басқа да мәселелер талқыланды.

29.12.2025
Просмотров: 13


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст