Баршаның сүйікті Наурыз мерекесі қарсаңында С. Серіков атындағы мектептің фоиесінде "Наурыз – Ұлыстың ұлы күні"тақырыбында кеңейтілген иллюстрациялық-қолданбалы кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты: халық мерекесі қарсаңында туған жерге деген патриоттық сезімді ояту, Наурыз мерекесінің маңыздылығын сезіну.Бұл мерекенің пайда болу тарихы, қазақ халқы мен Қазақстан халықтарының салт-дәстүрлері туралы баяндайтын кітаптар.
Көрме 3 бөлімнен тұрады:" Наурыз – Ұлыстың ұлы"," «Қазақтың қолөнері — төл өнері» ,"Халықтың қадір тұтар дастарханы".
«Наурыз - Ұлыстың ұлы күні» бөлімінде оқушылар халық мерекесінің тарихы туралы әдебиетпен және мерзімді басылымдардан алынған жарияланымдармен таныса алды. «Қазақ халқының дәстүрлері той-мереке, сауық-сайран», «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», «Ағаш бесіктен, жер бесікке дейін», «Ұлттық ойын тамашалары», «Алтыбақан» және т.б. кітаптар ұсынылды.
«Қазақтың қолөнері - төл өнері» бөлімінде «Зергерлік өнер әлемі», «Таңбалы», «Қазақтың киіз үйі», «Жеті қазына», «Қазақстан халықтарының ұлттық киімдері» және басқа да қазақ халқының мәдениеті, өнері және дәстүрлері бойынша кітаптар қойылған.
«Халықтың қадір тұтар дастарханы» көрмесінің үшінші бөлімі пайдаланушыларды дәстүрлі қазақ тағамдарымен таныстырады. «Ас атасы нан», «Қазақтың ұлттық тағамдары» және т.б. кітаптар ерекше қызығушылық тудырады.
Экспозицияның ерекшеліг і сөреге кітаптар, «Төрт — түлік» мал бейнеленеген ойыншықтар қойып, бүлдіршіндер қазақ халқы ежелден аса қастерлеп, өте жоғары бағалаған төрт түлікке ,ұлттық бұйымдар, гүлдер, ұлттық киімдер, ұлттық аспап — домбыра, зергерлік бұйымдарға қатысты танымдылық, тәрбиелік, ұлттық ұғымдар туралы деректер алып, қызыға түсті.
Баршаңызды келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтаймыз! Бейбітшілік, жақсылық пен амандық тілейміз!