"Наурыз мейрамы" мерекесі қарсаңында мектеп кітапханасында "Амал күні-көрісу" тақырыбында іс-шара өткізілді, оған 3 "В"сынып оқушылары шақырылды. Кітапханашы барлық қатысушыларды Наурыз мерекесінің басталуымен, көктемнің басталуымен құттықтады.Балалар наурыздың құнарлылықты, достық пен сүйіспеншілікті бейнелейтін "Сәлемдесу күні" мерекесінен басталатынын білді, осы күні өткізілетін әдет-ғұрыптармен, достық қарым-қатынас пен сәлемдесу мен құшақтау сөздерімен, реніштерді кешіру мүмкіндігі және осы күні кездескендердің барлығына жақсы тілектер айту қажеттілігімен танысты.
Әңгіме барысында жақсылық пен мейірімділік, Көрісу күнін мерекелеу дәстүрлері туралы айтылды. Қатысушылар үшін Қөрісу күнінің тарихы, қазақ халқының салт – дәстүрлері туралы кітап басылымдары ұсынылған көрме-инсталляция дайындалды.