2025 жылдың 5 наурызында Қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігінде 8 "А" сыныпта мектеп кітапханасы және қазақ тілі мұғалімі А.К. Әуезовамен бірлесіп "Қазақ руханиятының қос қыраны"тақырыбында әдеби-музыкалық кеш өткізілді.Іс – шара көрнекті композитор және дарынды музыкант Шәмші Қалдаяқов пен Жұмекен Нәжімеденовке арналды, ол өзінің тамаша өлеңдерімен қазақ поэзиясының алтын қазынасына енді.
Мақсаты: Ұлы композитор Шәмші Қалдаяқов пен ақын Жұмекен Нәжімеденовтың өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін мәнерлеп айтқызу. Сөз өнерінің қыр – сырымен таныстыру. Шәкірттерді туған жерге деген сүйіспеншілікке, Отан тыныштығын қорғауға, адамгершілікке, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу.
Мектеп кітапханашысы Қазақстанда 2025 жыл ауқымды да, айрықша мәнді шараларға бай жыл деп бастады өз сөзін. Біз сіздермен Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан Республикасының Қонституциясының 30 жылдығы, Қазақ хандығының 560 жылдығын, Ұлы Жеңістің 80 жылдығын тойлап өтеміз
Шара барысында Шәмші Қалдаяқов туралы деректі фильм көрсетілді,
онда оның өмірі мен шығармашылығының негізгі кезеңдері қамтылды.Кешке қатысушы Болат Әмина "Ақ бантик"әдемі әнін орындады.
Қазақ поэзиясының көгінен құйрықшы жұлдыздай қырық тоғыз мүшел жасынан қараған шағында соңғы демі үзілгенше қаламын қолдан түсірмей, жанкештілікпен еңбек еткен ақын Жұмекен Нажмиденов көзі тірісінде 19 кітабы жарық көрсе, қайтыс болғаннан кейінгі жылдарда шығармалары өз оқырмандарына 15 мәрте жол тартыпты.Қатысушылар «Ж.Нәжімеденов тағдыр жолы» деректі фильмін тамашалап, кітапхананың белсенді оқырмандарының орындауында ақынның өлеңдер шырқалды.
Жан емеспін қолда барға бұлданған,
жеңер мені күндіз күлкі, түнде – арман.
Еске алуға жарамайды өткенім,
өткен күннен келер күнім көп менің.
Сол секілді ойларым да теп-тегін,
келмейді оны үнемдегім, ептегім.
Сондықтан да жиі жанам, сөнем мен,
жығыламын кейбір асау теңеуден.
Осынау бір олпы-солпы өлеңмен
өзімді-өзім түсіндіріп келем мен... деп ақын “Өзім” өлеңінде жазған.
Іс-шара барлық қатысушылар үшін пайдалы және танымдық болды. Бұл оларға қазақ музыкасы мен мәдениеті туралы білімдерін кеңейтуге, сондай-ақ Шәмші Қалдаяқов пен Жұмекен Нәжімиденовтың ұлттық өнерді дамытуға қосқан үлесін бағалауға мүмкіндік берді.