"Мақал – мәтелдер-халық даналығының қоймасы"фольклорлық сағаты
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында мектеп кітапханасы 5 "А" сынып оқушыларына "Мақал сөзінің азығы,жұмбақ ойының қазығы"фольклор сағатын өткізді.
Бала кезімізден біз халық ертегілерін, әндерін тыңдап, оқимыз, жұмбақтар табамыз, мақал-мәтелдерді жаттаймыз. Мақал-фольклор жанры, қандай да бір ілімді қамтитын қысқаша сөз. Мақал кеңес береді, нұсқайды, ескертеді. Олар ежелгі уақытта пайда болған. Ежелгі мақал – мәтелдер бүгінде өмірде қолданаламыз-әңгімеде де, кітапта да.
Жүргізушінің әңгімесінен балалар мақал-мәтелдер сөйлеуді жарқын, бай және мәнерлі ететіні және олардың ауызекі тілмен қалай тығыз байланысты екендігі туралы білді. Жүргізуші білімді адам әрқашан оларды әңгімеде дұрыс қолдана білуімен ерекшеленетінін айтты.
Халық даналығын жақсы түсіну және есте сақтау мақсатында балалар "Мақал-мәтелді қалпына келтір", "Мақал-мәтелді ақта", "Жұмбақтардың үздік білгірі", "Суреттерден мақал-мәтелді біл"ойындарына қатысты.
Іс – шара соңында оның қатысушылары мақал-мәтелдер дана кеңес, жақсы тілек деген қорытындыға келді. Уақытында айтылған, олар адам өмір бойы есте қалады. Өмірдің кез-келген жағдайына арналған мақал-мәтелдер бар. Олар бізге жақсы адам болуға көмектеседі, уақытымызды, еңбегімізді, достығымызды, бейбітшілігімізді бағалауға үйретеді.