" Біртутас_тарбие " бағдарламасы аясында мектеп кітапханасы директордың тәрбие жөніндегі орынбасарларымен, сынып жетекшілерімен бірлесіп «Балалар кітапханасы» жобасы бойынша "Сүйіспеншілікпен кітап сыйла"челленджін өткізді. Іс — шара «Шын жүректен кітап сыйла» "деген ұранмен өтті.
Аналар мен әкелер, ата-әжелер ,сонымен қатар мектеп оқушылары іс-шараға қатысып, үйде оқылған кітаптарды әкелді. Кітапхана оларды ризашылықпен қабылдады. Әр түрлі тақырыптағы сыйға тартылған кітаптар: балалар мен ересектер, қолөнер және ауыл шаруашылығы, тарих, жұлдыз жорамалдары, энциклопедиялар және басқа кітаптар. Журналдар да сыйға тартылды.
Барлығы 50 қызықты кітап сыйға тартылды.
Кітапхананың кітап қорын едәуір толықтырған барлық қатысушыларға алғыс айтамыз.