«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының Сайлау Серіков атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Сайлау Серикова города Есиль отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети


«    Мамыр 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тірек мектебінде Ресурстық орталықтың ұйымдастырылуы

 Қазіргі кезде барлық қазақстандықтардың бәсекеге қабілетті әлемдік стандарттар талабына сай келетін сапалы білім алуы ерекше өзектілікке ие болып отыр. Әрбір азаматттың денсаулығы және білім деңгейімен мемлекетіміздің әлемдік қауымдастықтағы орны айқындалмақ. Ауыл мектептеріндегі білім беруді дамыту саласындағы мемлекеттік саясат толыққанды білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталып, яғни, шағын жинақты мектептердің кадрлық потенциалы, ақпараттандырылуы, материалдық-техникалық базасы нығайтыла отырып, қала мен ауыл баласының білім сапасындағы айырмашылықтарды жою мәселесі нақты қолға алынуда. Бірақ, ауыл мектептеріндегі оқушылар контингенті санының азаюына байланысты баланы толық білім беру ресурстарымен қамтамасыз етудің мүмкіндіктері шектеліп отыр. Бұл білім сапасына ықпал ететін үлкен проблемалардың бірі болып табылады, сондықтан оны шешудің жолдары үнемі қарастырылып келеді. Ауылдық жердегі мектеп оқушыларының білім сапасын көтеру және жаңа білім беру мазмұнына өтуге дайындық ретінде  Ресурстық орталықтар ұйымдастыру қолға алынып отыр.

  "Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының С.Серіков атындағы  жалпы білім беретін мектебі" КММ 2022 жылдың 3 ақпанынан 16 ақпанына дейін 8 сыныптар аралығында Ресурстық орталығы жұмыс жасауда. Мектеп бойынша  8 сыныптарда 58 оқушы бар. Магниттік мектептер Ақсай ауылынан 13 оқушы, Бұзылық ауылынан 10 оқушы келіп оқиды. Жұмыс барысында  тірек мектебі және одан 5-25 шақырымда орналасқан екі шағын жинақты магниттік мектептердің мұғалімдері бірігіп,  ынтымақтастықта жұмыс жүргізуде. Мұғалімдердің басты мақсаты  ауыл меткебіндегі білім сапасын көтеру болғандықтан оқытуды тиімді ұйымдастыруға ерекше көңіл бөледі. Оқыту барысында мұғалімдер баланың біліміндегі айғақ кемшіліктерді жоюға бағыттайды. Сондықтан жұмыс  зертханалық-тәжірибелік сабақтар, өз бетімен жұмыс жасау және талдау сипатында ұйымдастырылады. Сабақтарда тестілеу, сабақ барысындағы бақылау, талдау және қорытындылау әдістері қолданылады. Сынып жетекшілері оқушылар арасында достық, сыйластық қарым-қатынас орнануына жағдай жасайды.


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 25.03.2022 15:56
Құрылған күні: 25.03.2022 15:56

Текст