Текст
🌷⚜️17 наурыз – «Шаңырақ» күні. Бұл күн отбасы құндылықтарын дәріптеуге арналады. Халқымыз «Отан отбасынан басталады» деп бекер айтпаған. Мемлекетіміздің мықты болуы – отбасылардағы береке-бірлікке, татулыққа, өзара түсіністікке тығыз байланысты. Себебі отбасы құндылығы берекемен, махаббатпен, сеніммен өлшенеді. Өйткені, олар ғасырлар бойына маңызын жоймайтын құндылықтар. Осы бір құндылықтарды әрбір отбасы көздерінің қарашығындай сақтап, қастерлеуі керек. Себебі бала ата-анасынан және жақын адамдарынан үлгі алып, кейінгі өміріне азық етеді. Әрбір отбасыға осы күні бақыт, түсіністік, мейірім мен береке тілейміз!⚜️🌷